«Қарттарым – асыл қазынам» атты онкүндікте жүргізілген жұмыстар
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің 2020-2021 оқу жылындағы «Қарттарым – асыл қазынам» атты
(01.10-10.10.20ж) аралығында онкүндікте жүргізілген жұмыстарының есебі
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық қадір – қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
1-11 сынып оқушыларына арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты онкүндік іс-шараларын іске асыру мақсатында Әл-Фараби атындағы №145 мектептің мұғалімдері онлайн арқылы өз жұмыстарын бөлісіп, мынадай сынып сағаттары өткізілді. Олар: «Қарты бар, үйдің қазынасы бар» (1-сынып); «Әлемде жақсылық онлайн – фотокөрме (2-сынып); «Ағаш тамырымен, адам отбасымен» (3-сынып); «Қайырымдылық дегенді қалай түсінесің? (4-сынып); «Егер құрметке ие болғың келсе, өзгелерді құрметтей біл!» (5-сынып); «Өмірлік ұстаным дегенді қалай түсінесің? (6-сынып); «Этикет немесе қарапайым жақсы істер» (7-сынып); Сол сияқты онкүндік ішінде ата-әжелермен түскен бейнебаян, фото-суреттер конкурсы өтіп, олар инстаграмм парақшаларынан орын алды. Сонымен бірге «Үлкенді сыйлаған жерде қасиет бар» атты онлайн сұхбат, фото-коллаж (8-сынып); Қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері туралы айтылды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан аяулы да ардақты қарттарымыздың арқасы.
9 - сыныптарда «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» атты онлайн әңгіме өткізілді. Онда халқымыздың тәлім – тәрбиесі, ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен бөлісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. 10-11 сыныптарда «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты онлайн пікірталас өткізіліп, онда кім де кімнің үйінде қартайып отырған атасы мен әжесі скекілді қымбатты «қонағы» болса, егер үйдің иесі дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, олар отбасының қазынасы, қазығы болып табылады. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Олай болса, қарты бар үй – қазыналы үй деп бекер айтпаған.
Қарттарым жүректерін неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан,
- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып жүре беріңіздер! Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады. Сондықтан қарттарым кісіліктің төресі. Төріңнен қарт кетпесін деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қарттарымызды қадірлеп, ата-дәстүрімізді сақтай білейік!!!