«Біз біргеміз, барлығымыз теңбіз» атты спорттық сайысы
«Біз біргеміз, барлығымыз теңбіз» атты спорттық
сайысы
4 мамыр 2022 жылы Әл Фараби атындағы №145 мектепте 4 сыныптар арасында «Біз біргеміз, барлығымыз теңбіз» атты көңілді спорттық-эстафеталық сайыс өтті.
Сайыс мақсаты: Оқушыларда барлығы тең ұғымын қалыптастыру. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Спорттық сайыс барысында әрбір сынып өздеріне топтың атын, ұранын дайындады. 4 А сыныбы – «Алаш», 4 Ә сыныбы – «Бөлтірік», 4 Б сыныбы – «Қыран», 4 В сыныбы – «Барыс» деген атпен шықты. Әр сыныптан 6 оқушы: 3 қыз, 3 ұл қатысты. Эстафета 5 сайыстан тұрды.
- сайыс – «Доппен жүгіру»;
- сайыс – «Пингвин» (Доппен секіру);
- сайыс - «Мықтылар» (Арқан тартыс);
- сайыс – «Қаппен жүгіру»;
- сайыс – «Секіргіштер» (Скалкалкамен секіру);
Оқушылар әрбір сайысқа белсене қатысып, қызығушылық танытты.
Жарыста әділ қазы ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Кіршібаева Р.А., аға тәлімгер – Оксекбаева А.Ж., дене шынықтыру мұғалімі – Омаров Б.
Спорттық жарыс эстафетаны ұйымдастырушылар дене шықытыру пәні мұғалімдері Алмабеков Ернат, Такей Еламан және арнайы мамандар Жалғасбаева Н.О, Шотан А.Е.
«Біз біргеміз, барлығымыз теңбіз» атты көңілді спорттық-эстафеталық сайыс өте қызықты, әрі тартысты өтті. Барлық сыныптар белсенді түрде қатысып, жеңіске жетуге ұмтылыстарын білдірді. Сайыс қортындысы ретінде:
І орын «Алаш» тобы
ІІ орын «Бөлтірік» тобы
ІІІ орын «Қыран» тобы
ІІІ орын «Барыс» тобы иеленді.
Топтар мадақтама қағаздарымен, әрбір топ мүшелеріне арнайы мамандар Жалғасбаева Н.О, Шотан А.Е., дайындаған сыйлықтармен марапатталды.