Білім беру ұйымы педагогтарының тұлғалық және кәсіби дамуы: сапалы білім, саналы тәрбие тақырып аясында коучинг жоспарға сай ұйымдастырылды. » 145 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-90-46
Есепші бөлімі:
+7(727) 242-53-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымы педагогтарының тұлғалық және кәсіби дамуы: сапалы білім, саналы тәрбие тақырып аясында коучинг жоспарға сай ұйымдастырылды.
05
январь
2023

Білім беру ұйымы педагогтарының тұлғалық және кәсіби дамуы: сапалы білім, саналы тәрбие тақырып аясында коучинг жоспарға сай ұйымдастырылды.

Білім беру ұйымы педагогтарының тұлғалық және кәсіби дамуы: сапалы білім, саналы тәрбие тақырып аясында коучинг жоспарға сай ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуын арттыру жолдарын анықтау.
Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімнен үнемі білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің бір көрсеткіші-оның өз бетінше білім алуға, кәсіби өсуге, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы.Алайда, көптеген мұғалімдер кәсіби педагогикалық тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің мәні мен мақсатын түсіне отырып, бұл іс-әрекеттің әдістемесін түсінбейді немесе оның қажеттілігін сезінбейді.Корней Чуковский былай деп жазды:«Сіз өз құмарлығыңыздың жетелеуімен өзіңіз алған білім ғана күшті және құнды. Барлық білім сіз өзіңіз жасаған жаңалық болуы керек».
Педагогтың өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамытудың басты алғышарты ол – мотивация. Мативацияны қайдан аламыз.Матевацияны біз кітаптардан аламыз.Мұғалім кітап оқу арқылы өзінің бойында ақсап жатқан әлсіз тұстарын дамытады.Мысалы, өз- өзіне баға беру, уақытты тиімді пайдалану,мінез-құлқын жақсарту,ізденіс, зерттеу қабілетін дамыту сияқты қабілеттерін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттерді сол тақырыптарға байланысты кітаптарды дұрыс таңдау арқылы іске асырады.Оқуға құштар мектеп жобасы-бұл оқушыларға арналған жоба ғана емес, педагогтардың арасында да жүзеге асатын ауқымы кең жоба.Бір бірімізге оқыған кітаптарды насихаттау арқылы да тұлғалық дамуды қалыптастыруға болады.Даналар:«Кеме қайда қозғаларын білмесе,ешқандай жел қолайлы болмайды» дейді.Сондықтан, өзіңіздің бойыңызда шын дамыту қажет деп санаған осал тұсыңызды анықтап, сол бағытта кітаптар оқу, фильмдер көру, семинарларға қатысу сияқты түрлі әрекеттерді жоспарлы түрде жасасаңыз оң нәтижеге жетеріңіз анық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: