Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбындағы дәстүрлі онкүндігі » 145 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-90-46
Есепші бөлімі:
+7(727) 242-53-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбындағы дәстүрлі онкүндігі
11
февраль
2022

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбындағы дәстүрлі онкүндігі

«Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік

Әл – Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәні  мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбында дәстүрлі  онкүндік болып өтті. Онкүндіктің ашылуына арнайы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Койбагарова Сара Смадиловна, бастауыш сынып жетекшілері мен оқушылары қатысты.

Онкүндік барысында  мектебіміздің барлық сыныптар белсенділік танытып, өз үлестерін қосты. Арнайы бейне құттықтаулар мен эссе байқауларға қатысып, сурет салыпта өз шеберліктерін танытты. Белсенділік танытып, ерекше көзге түскен оқушылар мадақтама қағаздарға ие болды.

 «Асыл жүрек» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында мектепішілік эссе байқауы өткізіліп, үздік деп табылған екі эссе аудандық байқауға жіберілді. Олар: Советбек Аида, 9 «Ә» - сынып, Қалыбекова Іңкәр, 11 «Ә» - сынып. Нәтижесінде Советбек Аида ауданнан 3-орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі А.Саудабаева. 

Нургалиева С.Б., Қанатбаева С.Қ., Г.И. Ибраимовалардың жауапкершілігіндегі «Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» сурет, ашық хаттар, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі үздік жұмыстар бағаланып, марапатқа ие болды. Оқушылардың үздік жұмыстары аудандық байқауға қатысып, 1 және 3 орындарға ие болды. 

1-орын, Қржаубай Әсем, 6В- сынып (Жетекшісі Б.Бисенгалиев); 

3-орын, Әскербек Зере,  (Жетекшісі С.Қанатбаева)

Аудандық байқауда Б.Бисенгалиев жетекшілік еткен Ә.Қаржаубай 1-орынға, қалалық байқауда 3-орынға ие болып марапатталды.


«Мейірім» қалалық шығармашылық байқау аясында «Бақыт үйі» әлеуметтік жобалар байқауының аудандық кезеңінен І орын алған «Табиғат – баға жетпес сый» жобасының жетекшісі Саудабаева А.Т. осы байқаудың қалалық кезеңінен ІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.  


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: