Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-90-46
Есепші бөлімі:
+7(727) 242-53-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің үйімдегі ұлттық мұра" тәрбие сағаты
19
март
2025

"Менің үйімдегі ұлттық мұра" тәрбие сағаты

Танымдық тәрбие сағаты: "Менің үйімдегі ұлттық мұра" 🏡

19 наурыз күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1 "Ә" сыныбында "Менің үйімдегі ұлттық мұра" тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Ақпанбетова Г.Т. ұйымдастырып, оған оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысты.

Шара барысында оқушылар өз отбасыларындағы ұлттық құндылықтармен таныстырып, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық бұйымдары мен мұралары жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті. Ата-аналар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы ой қозғады.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ата-баба мұрасын қастерлеуге баулиды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 👏🎉
Видео​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: