Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-90-46
Есепші бөлімі:
+7(727) 242-53-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мұғалімнің психоэмоционалдық саулығы – сапалы білім кепілі»
21
январь
2026

«Мұғалімнің психоэмоционалдық саулығы – сапалы білім кепілі»

 Өткізуші: мектеп педагог-психологтары Саудабаева А.Т., Аман А.С.
 Қатысушылар: мектеп мұғалімдері

Күн тәртібі:

  1. Мұғалімнің психоэмоционалдық саулығының маңызы.
  2. Эмоционалды қажу (күйіну) белгілері мен себептері.
  3. Өзін-өзі реттеу және ресурс қалпына келтіру жаттығулары.
  4. Сандық психология.
  5. Рефлексия және кері байланыс.

Тыңдалды:

Мектеп психологі мұғалімдердің психоэмоционалдық саулығы – білім беру сапасының негізгі факторы екенін атап өтті. Тренинг барысында эмоционалды қажудың белгілері, оның кәсіби қызметке әсері және алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Өткізілген жұмыс түрлері:

  • «Сіздер мені мұғалім ретінде білесіздер, бірақ...» жаттығуы
  • «Жаңбыр тырсылы» сергіту сәті
  • «Маркерэмоцияны басқару жаттығуы
  • «Эмоцияны тап» жаттығуы
  • Сандық психология сырлары;
  • «Көңілді қоштасу» ойыны
  • Қорытынды рефлексия

Мұғалімдер белсенді қатысып, өз эмоциялық күйлерімен бөлісті, өзін-өзі қолдау тәсілдерін талқылады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: