«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» атты республикалық акцияда жүргізілген жұмыстар
Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
Әл – Фараби атындағы № 145 жалпы білім беретін
мектептің 2020-2021 оқу жылындағы
«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» атты республикалық
(10.08-25.09.20ж аралығында) акцияда жүргізілген жұмыстардың есебі
Мақсаты: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік
шараларын жетілдіру.
Міндеттері: балалардың жеке қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру
жұмыстарын жүргізу, оқушылардың құқықтық санасын және қауіпсіз мектеп
ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
2020 жылғы 10 тамыздан 2020 жылғы 25 қыркүйекке дейін " Әл – Фараби атындағы № 145 жалпы білім беретін мектепте «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» атты республикалық акциясын өткізу жоспарлы түрде жүргізіліп, балаларға, ата-аналарға үйдегі, қоғамдағы, ғимараттар мен білім беру ұйымдарындағы және оның аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертулер айтылып, онлайн-сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, онлайн-конкурстар ұйымдастырылып өткізілді. Пандемия кезеңінде оқу жылына дайындық, білім беру ұйымдарын интернет-ресурстарға, компьютерлерге және қашықтықтан оқыту үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету туралы, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі, қолданыстағы бейнебақылау камераларының болуы және олардың мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын талаптар және стандарттарға сәйкестігі (ҚР ІІМ 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және ҚР БҒМ 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы) туралы онлайн-жиналыста 1-11сынып жетекшілеріне таныстырылды.