«Жас мамандар мектебі» ұйымдастырған жас ұстаздардың ант қабылдау кеші
Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің «Жас мамандар мектебі» ұйымдастырған жас ұстаздардың ант қабылдау кешінің
АНЫҚТАМАСЫ
Қыркүйектің 29-ы күні Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектепте «Жас мамандар мектебі» ұйымдастырған жас ұстаздардың ант қабылдау салтанатты кеші өтті. Кештің мақсаты мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, жағымсыз көңіл-күйден арылуға көмектесу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу және жас ұстаздардың кәсіби құлшынысын арттырып жігерлендіру.
Кеш барысында мектебіміздің жас ұстаздары өздерін таныстырып, жас мамандар мектебінің әнұранын орындады және ұжымға «Жасасын қате!» атты өз ұрандарын жеткізді. Жас ұстаздарды кәсіподақ ұйымының төрайымы Сайлыбаева Б.М. , директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, «Жас мамандар» мектебінің төрайымы Койбагарова С.С., мектеп директорының м.а. Нурмуханбетов Г.К. құттықтады және жас ұстаздарға сертификат, құттықтау қағазы және кәсіподақ атынан сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, мектебіміздің ұлағатты, ардагер ұстазы Кадирова К.К. жас ұстаздарымыздың кәсіптік жолына ақжолтай тілек, ақ батасын берді. Ұстаздарға жас мамандар ойындар ойнатып, өз алғыс хаттарын және жас мамандар мектебінің №1 журналын табыстады. Кешке ән және өлең шумақтарын оқып мектебімізге келген практиканттар да атсалысты.